+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Ауылда коронавирус «анықталды»: Ақтөбе облысында видео авторы ұсталды

2020 жылғы 26 наурыз 13:07
Бөлісіңіз:
Ауылда коронавирус «анықталды»: Ақтөбе облысында видео авторы ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының полицейлері коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан Бадамша ауылының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Күшейтілген карантин кезінде қандай құжат алып жүру керек Түркістандық кәсіпкер 2 млн теңгенің ет өнімдерін елге таратты Қазақстанда 72 сағаттық визасыз режім 1 шілдеге дейін тоқтатылды

Ер адам өз үйінің ауласында қорғаныш киімдері мен бетперде киген адамдар балалар алаңында дезинфекция жұмыстарын жүргізіп жатқанын көрген. Оны видеоға түсіріп, оны «Бадамша ауылында коронавирус инфекциясын жұқтырған адам анықталды» деген комментариймен туыстарына таратқан. 34 жастағы ер азамат ұсталып, өз кінәсын толығымен мойындады.

Факті бойынша оны әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі шешіліп жатыр.

«Ақтөбе облысының Полиция департаменті жалған ақпарат тарату фактілерін анықтау үшін күн сайын әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіліп, арандатушылық мәліметтерді анықтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізілетіндігін ескертеді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 57-бабына сәйкес дүлей апат немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде жасалған әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершілікті ауырлататын мән-жайға жатады», - делінген ақпаратта.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT