+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ауыл шаруашылығындағы жемқорлықтың алдын алу жиыны өтті

2020 жылғы 22 қаңтар 20:02
Бөлісіңіз:
Ауыл шаруашылығындағы жемқорлықтың алдын алу жиыны өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде саладағы жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2 млн теңге пара: Жамбыл облыстық көші-қон департаментінің басшысы үйқамаққа алынды Түркістан облысы әкімінің орынбасары сыбайлас жемқорлықтың орын алу себептерін айтты Түркістан облысында жемқорлық тәуекелдері 50%-дан  2%-ға төмендеді

Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірге ұйымдастырылған шара барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева ведомствоға қарасты Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің мемлекеттік сатып алулары барысында анықталған заң бұзушылықтарды жою бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жемқорлық заң бұзушылықтарды азайту және жемқорлық қылмыстар жасауға түрткі болатын жайттарды жою жөнінде шаралар қабылдау бойынша берген барлық ұсыныстарын орындадық», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінде аса қауіпті зиянкестерге қарсы өңдеу кезінде қолданылатын арнайы техниканың құжаттарын мемлекеттік тіркеу ережелеріне сәйкес ұсыну талабы белгіленді. Сонымен қатар, техника түрлері мен өңдеу орындары нақтыланды. Министрліктің ішкі үдерістерін басқару жөніндегі нұсқаулыққа, мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысатын барлық бөлімшелер мен мемлекеттік қызметшілердің жедел өзара іс-қимылына қатысты Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулығына өзгерістер енгізілді.


Фото: moa.gov.kz

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT