+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Ауыл шаруашылығы министрлігі студенттерге білім грантын бөлетін болады

2019 жылғы 6 желтоқсан 03:26
Бөлісіңіз:
Ауыл шаруашылығы министрлігі студенттерге білім грантын бөлетін болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігінің ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім беру гранттарының көлемін анықтау жөніндегі функциялары Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат АШМ сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Бұл өзгерістер 2019 жылғы 28 қазанда Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңына сәйкес жүзеге асырылады.

«Қабылданған заң аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін анықтау, оны бөлу мен орналастыру бағытындағы құзыреті ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі. Қабылданған бұл өзгеріс саладағы маманды дайындауда мемлекеттік тапсырысты нақты қалыптастыруға, қаржыландыру көлемін дұрыс анықтауға, сапалы кадрды даярлайтын жоғары оқу орындарын әділетті түрде іріктеуге және мамандық бойынша гранты дұрыс бөлуге мүмкіндік береді деп күтілуде», делінген хабарламада. Жоғарыда аталған заңның білім беру гранттарына қатысты өзгерістер мен түзетулер енгізілген нормалары 2020 жылғы 6 қаңтардан бастап өз күшіне енеді. Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңы еліміздегі агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында қабылданған. Онда Қазақстан Республикасының 13 кодексі мен 29 заңына 800-ден аса түзету енгізу қарастырылған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT