Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл астық түсімі өсетінін болжады
«Жалпы, «Қазгидромет» қуаңшылыққа байланысты оң болжам жасап отыр. Қазір егін егу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біз көктемгі қуаңшылықты болдырмадық. Ауа райы қолайлы, жұмыс жүріп жатыр. Жинақталған ылғал бар. Фермерлер қысқы кезеңнен қалған ылғалды жинақтау және сақтау іс-шараларын жүзеге асыруға тиіс болатын. Олар мұны жүзеге асырды. Жақсы өнім алудың жалғыз жолы – «ылғалды жабу», - деді Азат Сұлтанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, қолайлы ауа райы астық түсімінің артуына ықпал етеді.
«Фермерлер ылғал жинау жұмысын жүргізді. Және де бұл астық түсімі гектарына кемінде 0,7 центнерге артатындығына қатысты болжам жасауға мүмкіндік береді. Жүргізілген іс-шаралардың арқасында өсімдік қажетті ылғалмен қамтамасыз етіледі», - деді департамент директоры.