Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров оқшауланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әріптестерімен бірге Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров та оқшауланды. Министрге қатысты бұл ақпаратты оның баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жанжігіт Омарханның хабарлауынша, Сапархан Омаров коронавирус бойынша тесттен өтіп, оның КВИ жұқтырмағаны анықталған. Алайда КВИ-ден емдеу және диагностика хаттамасына сәйкес Ауыл шаруашылығы министрі белгілі бір уақыттан кейін қайтадан тесттен өтуі тиіс. Оған дейін министр оқшауланады. Жұмысын министр кесте бойынша видеоконференция тәртібімен жалғастыра бермек.

Хабарланып отырғандай, Сапархан Омаров мемлекеттік органдардың өзге өкілдерімен, оның ішінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен жұмыс барысында жақын қашықтықта болған.

Еске сала кетсек кеше Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook парақшасында коронавирус жұқтырғанын хабарлаған еді.

12 маусымда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып қайтты, онда Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов та болған. Осыған байланысты Үкімет басшысы да оқшаулануға мәжбүр болып отыр.

Әріптестерімен бірге Асхат Аймағамбетов те оқшауланды.


Соңғы жаңалықтар