«Ауыл» партиясының өкілдері Түркістан облысында шаруа қожалығының жұмысымен танысты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – «Ауыл» ХДП партиясының Түркістан облыстық филиалының басшылары Ордабасы ауданындағы «Сералы» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Сапар «Еңбек адамы – ел тірегі» саяси бастамасының аясында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Асыл тұқымды қой тұқымын өсірумен айналысатын шаруашылықта 7 мыңнан астам мал басы бар. Мұндағы қойдың «Ордабасы» атты асыл тұқымды түрі жерсіндіріліп, қорасын төрт түлікке толтырған шаруалар бұл жетістікке бір күнде жетпегендігін айтады. Сапар барысында ауыл шаруашылығы саласының ғалым мамандары шаруашылық иелеріне кәсіби кеңес берді. Мал төлдету науқанының қой тұқымының ерекшеліктеріне сай жүргізілуі бойынша бағыт-бағдарын ұсынды.

«Ауыл» партиясының үлкен бір мал шаруашылығына, мал басын көбейтуде және тірідей салмақтарын жоғарылату жағында қызмет атқарып жатыр. Қазіргі таңда барлық шаруашылықтардың мал түрлеріне қарамай, субсидия бөлуде үлкен жетістікке жетті деп ойлаймын әрі есептеймін»,- дейді «Ауыл» ХДПП белсендісі әрі ауыл шаруашылығы ғылымының докторы Жәнібек Піржанов.

«Ауылдықтар» еліміздің дамуына үлес қосып жүрген шалғайдағы қарапайым ауыл тұрғындары мен еңбек адамдарын дәріптеудің, оларға консультативтік көмек көрсетудің маңыздылығын түсіндірді. «Еңбек адамы - Ел тірегі» атты саяси бастаманың негізгі мақсаты - еңбек адамдарының мәртебесін көтеру, ауылдағы мамандықтардың беделін арттыру болмақ. Сондай-ақ, ел экономикасының тірегі болған жұмысшы адамдарға позитивті көзқарас қалыптастырып, оларды ұлықтау және партияның мүмкіндіктері шеңберінде ауыл еңбеккерлеріне көмек қолын созу болып табылады. Партиялықтардың пікірінше, жер еміп, егін баптап, мал баққан еңбеккерлер біздің елде ең сыйлы,үлгілі, және танымал болуы тиіс. Еңбек адамы қоғамдағы барлық мүмкіндіктерге қол жеткізіп, құрметке, жоғарғы еңбекақы мен әлеуметтік көмекке, марапатқа лайық болуы керек деп біледі.


Соңғы жаңалықтар