«Ауыл» партиясының өкілдері Ақмола облысының тұрғындарымен кездесті

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының өкілдері Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Дамса ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде партия басшылығы мен өкілдері елдімекендерді аралап, ауыл халқының тыныс-тіршілігімен танысудамыз. Бұған дейін Түркістан, СҚО, Қарағанды және Қостанай облыстарында болдық. Бүгін Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Дамса ауылына келіп отырмыз. Мақсат - ауыл тіршілігімен танысып, түйіткілді проблемаларды анықтап, оны құзырлы органдарға жеткізу. Және шешу жолдарын қарастыру», - деді «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов кездесу барысында.

Оның айтуынша, ауыл тұрғындарының жиі көтеретін мәселесі ол жол және су тапшылығы.


«Бізге еліміздің түкпір-түкпірінен ауыл тұрғындары өздерінің мұң-мұқтаждарын айтып, көмек сұрайды. Осы орайда біздің партияның «Ауыл - ел бесігі» атты бағдарламасы бар, оны жүрген жерімізде таныстырудамыз. Бағдарламаның негізгі бағыт-бағдары ауылдағы өзекті мәселелерді шешуді көздейді. Ол дегеніміз тұрғын үй, жол, су және тағы басқа мәселелер. Одан бөлек, біз ауыл тұрғындары арасында сауалнама жүргізіп жатырмыз. Оның нәтижесінде ауыл тұрғындарын көбінесе не мазалайтынын анықтайтын боламыз», - дейді ол.

Сондай-ақ, партия өкілдері шара барысында Дамса ауылында орналасқан А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының жұмысымен танысты. Орталық мамандары, келушілерге биылғы егіннің жай-күйі туралы айтып берді.








Соңғы жаңалықтар