«Ауыл» партиясының «Ел аманаты» жалпыұлттық сауалнамасының мақсаты қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков «Ел аманаты» атты жалпыұлттық сауалнамасының негізгі мақсатын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл» партиясы ел ішіндегі ең маңызды деген әлеуметтік және экономикалық проблемаларды айқындау үшін осы іс-шараны бастайды. Партияның бұл сауалнаманы өткізудегі негізгі мақсаты - қоғамды толғандыратын түйткілді мәселелерді ел азаматтарынан аманат етіп алып, саяси бағдарламаларына енгізіп, мемлекеттік билікке ықпалын жүргізу арқылы халыққа тиімді қызмет ету. Халқымызды алаңдатып отырған бүгінде көптеген проблема бар. Денсаулық сақтау, білім беру, несие қайтару, сыбайлас жемқорлықпен күрес, баспана, жер қатынастары, ауылдар мен ауыл шаруашылығы саласының дамуы сынды мәселелерді «Ел аманаты» атты жалпыұлттық сауалнамасына енгіздік», - деді ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, сауалнамаға негізгі проблемалардың тізімі енгізілген.

«Қатысушылар солардың ішінен ең маңызды дегенін көзқарасына қарай белгілеп, бізге жібереді. Сол мәселелерді өзіміздің саяси бағдарламамызға енгізіп, оларды шешу жолында еңбек ететін боламыз. Саяси партия ретінде ешқашан халықпен байланысымызды үзген емеспіз. Біз - елмен біргеміз. Баршаңызға мәлім, «аманат» деген халқымыз үшін, қазақ үшін өте қасиетті ұғым. Осы арқылы партиямызға қандай жауапты міндет жүктелетіндігін де жақсы түсініп отырмыз. Ел мүдесін көздеген «Ауыл» партиясы халықтың мұң-мұқтажын біліп, оларды шешуді өзінің аса аңызды міндеті санайды», -деді Төлеутай Рахымбеков.


Соңғы жаңалықтар