+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

«Ауыл» партиясы жергілікті өзін-өзі басқарудағы мәселелерді талқылады

2020 жылғы 21 қыркүйек 16:42
Бөлісіңіз:
«Ауыл» партиясы жергілікті өзін-өзі басқарудағы мәселелерді талқылады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Қарағанды облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Жергілікті өзін-өзі басқаруда қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың рөлі» тақырыбында видеоконференция өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Агроөнеркәсіп кешені ғана еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады - Бектаев Қызылордада күріш өсірудің проблемалары мен перспективасы таразыланды «Ауыл» партиясы Үкіметте отбасылық құндылықтар тұжырымдамасын таныстырады

Партия мүшелерінің айтуынша, демократиялық қоғамда жергілікті өзін-өзі басқаруға тек мемлекеттік органдар ғана емес, қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың да толыққанды қатысуын қамтамасыз ету аса маңызды. Жергілікті жерлерде өзін-өзі басқару жүйесіне көптеген міндеттер жүктеледі. Ол – жергілікті бюджетті қалыптастыру, ауыл шаруашығы жерлерін бөлу немесе қайтарып алу, елді мекендерді абаттандыру, жайылымдарды қалыптастыруға атсалысу. Осы маңызды мәселелерді шешуге қоғамдық ұйымдар мен партия өкілдерін қатыстыру өте маңызды. Бұл тұрғыда қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың қарым-қатынасының заңдық негіздерін жетілдіру мәселелері де өзекті.

Видеоконференция барысында жергілікті өзін-өзі басқару мәселесінде тұрғындардың құқықтық сауаттылығы мен өз құқықтарын жетік білулері туралы мәселелер талқыланды. Әсіресе ауылдық елді мекендердегі тұрғындардың қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар арқылы жергілікті өзін-өзі басқару үдерісіне атсалысуы мәселесі сарапталып, азаматтардың белсенділігін арттыру бағытында атқарылатын іс-шаралар пысықталды.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Қарағанды облысы бойынша филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Серғазы Әдікенов қазіргі таңда азаматтардың, әсіресе ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру өте маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша қазіргі таңда «Ауыл» партиясының аудандар мен ауылдық елді мекендердегі белсенділері қоғамдық кеңестер мен жергілікті ұйымдардың қатарына көптеп тартылуда. Сонымен қатар, ол жергілікті өзін-өзі басқару үдерісіне тиісті деңгейде қатысу үшін «Ауыл» партиясының аудандық бастауыш партия ұйымдарының әлеуеті жеткілікті екендігін және бұл бағытта партия барлық аймақтарда кешенді іс-шаралар атқарып жатқанын жеткізді.

«Конференция жұмысына «Ауыл» партиясының ауылдық аймақтардағы өкілдері мен белсенді мүшелері видео-конференция жүйесінде онлайн режимде қатысты. Офлайн режиміндегі үлгіде қатысушылар арасында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталды», - делінген ақпаратта.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT