+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

«Ауыл» партиясы праймериз өткізе ме

2020 жылғы 23 қыркүйек 17:42
Бөлісіңіз:
«Ауыл» партиясы праймериз өткізе ме

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы праймериз өткізе ме? Бұл сауалға бүгін партияның орталық аппаратының жетекшісі Қуаныш Сейітжанов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Расул Жұмалы: «Nur Otan»-ның жаңаруға бет алғаны — оң үрдіс «Ауыл» партиясы Үкіметте отбасылық құндылықтар тұжырымдамасын таныстырады

«Демократиялық қоғамда әр партияның ішкі іріктеу жүйесінің әрқилы болуы заңдылық. Бұл сауалға нақты жауап қажет болса, онда - «Ауыл» партиясының жоспарында праймериз өткізу жоқ. Бірақ, өңірлерде 17 филиалымыз, 200-ден астам аудандық партия ұйымымыз, 500-ден астам бастауыш партия ұйымымыз бар. Осы уақыт аралығында белсенділеріміз іріктеліп, анықталып жатыр. Яғни, біздің партияның ұстанған стратегиясы сәл басқалау. Демек, біз басқа партияларды қайталауға міндетті емеспіз. Ол жағынан келгенде еріктіміз», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол «Ауыл» партиясының белсенділерді іріктеу жүйесі өзгеше екендігін баса айтты.

«Қазір өңірлердегі партия мүшелерінің арасынан белсенділік танытып жүргендер ескерілетін болады», - деді Қуаныш Сейітжанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT