«Ауыл» партиясы елде күнбағыс майының қымбаттауына алаңдаулы

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Қостанай облысы бойынша филиалы елдегі азық-түліктің қымбаттауына байланысты семинар-кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы күндері қазақстандықтар азық-түліктің, оның ішінде күнбағыс майы бағасының өсуіне алаңдап отыр. Бұл мәселе «Ауыл» партиясы ұйымдастырған кеңесте талқыға түсті. Партия белсенділері сұйық май өндірушілер мен ғалымдарды шақырды. Кеңеске қатысушылар ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының өсу себептерін айтып, отандық ғылымның өндірістен алшақтығына тоқталды. Сондай-ақ, ғалымдардың бірлесіп жұмыс істеуіне кедергі келтіретін факторларды мысалға келтірді.
«Күнбағыс майы бағасының өсуінің негізгі себебі – шикізаттың жетіспеушілігі. Биыл Түркия шикізатқа импорттық баж салығын алып тастады да, Ресей шикізатты экспорттауға тыйым салды. Салдарынан біздің мемлекет қана экспортқа шығарды. Сондықтан өзімізде бар шикізатты қазір Өзбекстан, Қытай, Украина, Түркия және басқа да елдерге сатып отырмыз. Май бағасының тұрақталмауы егіннің бітік шықпауына да байланысты. Өкінішке қарай, осы жылы ауа райы ауыл шаруашылығына айтарлықтай әсер етті, шалғайдағы елді мекендерге қатты тиді. Сол себепті негізгі өнімнің қымбаттауы өндіріс шикізатының жетіспеушілігіне тіреледі. Тиісінше шикізат күрт қымбаттады», - деп түсіндірді «Азимут» ЖШС басшысы, «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары Валентин Хаданович.
Семинар қатысушылары майлы дақылдар бағасының одан әрі өсуіне жол бермеу үшін қажетті шаралар тізімін анықтауды ұсынды. Мұның бір жолы – мемлекет қазір шикізатты экспорттауға квоталарды іріктеп, тіпті белгілі бір уақыт ішінде экспорттауға тыйым салуы тиіс. Валентин Хадановичтің атқарушы билікке шаруалардан шикізатты белгіленген бағамен сатып алуды ұсынады. Ары қарай шикізатты өңдеушілерге жеткізіп беретін шаруаларға май-тұқым субсидиялары берілуі керек.
«Тиімді шаралардың бірі – шикізатты экспорттауда баж салығын арттыру. Ал қайта өңдеуші кәсіпорындар осы күрделі уақытта дамудың жаңа бағыттарын іздеуі қажет. Мысалы, «Азимут» ЖШС өндіріске жаңа технологияларды енгізу үшін өңір ғалымдарын тартты, олар шикізатты өңдеуді тереңдету есебінен майлы өнімнің бағасын төмендетуге көмектеседі», - деді Валентин Хаданович.
Сонымен, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы елде азық-түлік, әсіресе күнбағыс майы бағасын тұрақтандыру үшін нақты шешімдерін ұсынды. Партия белсенділері бұл мәселені назарда ұстауға уәде етті.


Соңғы жаңалықтар