«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында аяқталған жобалар аталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы аталған жобаның орындалуы жайында баяндаған ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді. Осы жылдың 1 қазанына қаржыландыру жоспарына сәйкес игерілгені 96 пайызды құрайды. Бүгінде кейбір өңірлерде аяқталған жобалардың үлгілері бар. Мәселен, Қостанай облысының Ұзынкөл ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның атап өтуінше, Павлодар облысының Қызылжар ауылында ауысымына 100 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Қызылорда облысында Жалағаш ауылындағы жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жамбыл облысында Айша-бибі ауылындағы мектептің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

«Жалпы, 2019-2021 жылдары мемлекеттік бағдарламалар бойынша және жеке инвестициялар есебінен ауылдық аумақтарды дамытуға 1,2 трлн теңге бағытталды», - деді Әсет Ерғалиев.


Соңғы жаңалықтар