«Ауыл - ел бесігі»: ШҚО-ның екі ауданында жабық бассейндер салынуда

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 7 жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы аймақ басшысы Даниал Ахметов Instagram-парақшасында жазды.

«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 3 924,3 млн теңгеге 7 жоба жүзеге асырылуда. Соның ішінде құрылысы осы жылдың қараша айында аяқталатын Үржар ауданындағы жүзу бассейні мен спорт модулі бар. Келесі аптада осы нысандарда жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы мен сапасын барып тексеріп қайтуды жоспарлап отырмын. Сонымен қатар Күршім ауданында да 40 адамға арналған тағы бір жабық бассейн салынуда», - дейді ол.⠀

Облыс әкімінің айтуынша, Глубокое ауданында бой көтеріп жатқан алғашқы Мәдениет үйі 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай ашылады.

«Жыл соңына қарай Өскеменнің медициналық колледжі, сондай-ақ Семейдің бизнес және сервис колледжінің жалпы 700 орындық жатақханаларының құрылысы аяқталады», - дейді Даниал Ахметов.


Соңғы жаңалықтар