«Ауыл - ел бесігі»: 1 млн ауыл тұрғыны табысын арттырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ауыл - ел бесігі» жобасын қаржыландыру көлемі 800 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдағы 4 жылға «Ауыл - ел бесігі» жобасын қаржыландыру көлемі 800 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Жалпы, ұлттық жобаларды ескерсек – ауылдарды жаңғыртуға 1,3 трлн теңге жоспарланып отыр», - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысының дерегінше, 2025 жылы ауылдық жерлерді сумен жабдықтау қызметтерімен 100 пайыз қамтуға қол жеткізіледі. Кент ішіндегі 10 мың шақырым жол жақсартылады. 12 мың шақырым инженерлік желі, 1,1 мың денсаулық сақтау нысаны, 1,7 мың спорт, 1,5 мың мәдениет нысаны салынып, жөнделеді. 5 мың ауыл мектебі жаңғыртылады.

«Еңбек өнімділігі 2,5 есе өседі, 500 мың жұмыс орны құрылады және 1 млн ауыл тұрғыны өз табысын арттыра алады. «Ауыл - Ел бесігі» жобасының іс-шаралары - ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын айтарлықтай жақсартады және ауылдық аумақтардың дамуына жаңа серпін береді», - деді Премьер-Министр.


Соңғы жаңалықтар