Ауыл бүлдіршіндері 100 пайыз балабақшамен қамтылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылға қарай «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ауылдық жерлердегі 315 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру аясында ауылдық жерлерде 5 мың мектепті жаңғырту және 315 жаңа мектеп салу жоспарлануда. Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 100 пайыз қамтылатын болады», - деді Әсет Ерғалиев аталған жобаның орындалуы жайында баяндай келе.

Оның атап өтуінше, барлық ауыл мектептер білікті педагогтармен қамтамасыз етіледі.

«1 095 нысан салу және жаңғырту ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесі қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ауылда спортпен айналысу және шығармашылықты дамыту үшін жағдай жасау мақсатында 1 719 спорт және 1,5 мың мәдениет нысаны салынып, жаңғыртылатын болады», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар