Ауыл әкімдерін сайлауға қандай жайттар негіз болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев ауыл әкімдерін сайлау үшін қандай жайттар негіз болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау» туралы Конституциялық заңның 113-1 бабына сәйкес, сайлау тағайындау үшін мыналар негіз болып табылады. Бірінші - аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, округ әкімінің заңмен белгіленген өкілеттілік мерзімінің аяқталуы. Екінші - аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, округ әкімі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату немесе заңда белгіленген жағдайларда тиісті әкімшілік аумақтық бірлікті қайта ұйымдастыру», - деді ол ОСК отырысында.

Оның атап өтуінше, «Сайлау» туралы Конституциялық заңға сәйкес, сайлауды аумақтық сайлау комиссиялары кемінде 40 күн бұрын тағайындайды және жұмыс істеп отырған әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 10 күн бұрын өткізеді.

«Әкімнің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда сайлау тағайындалған күннен бастап 1 ай ішінде тағайындалады және 1 ай мерзімде өткізіледі. Яғни, науқан ұзақтығы - 1 ай, ұсыну үшін - 2 апта, тіркеу кезеңі 10 күн бұрын аяқталады. Сайлау күні туралы хабар жергілікті БАҚ-та жарияланады», - деді Ерлан Дауылбаев.


Соңғы жаңалықтар