Аустралияда пойыз рельстен шығып кетіп, жолаушылар вагондардан шыға алмай қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аустралияның Виктория штатында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, бірнеше жолаушы вагондардан шыға алмай қалды, деп хабарлады 7News телеарнасы.

Оқиға бейсенбі күні Мельбурннан 45 шақырым қашықтықта Уоллан теміржол станциясына жақын жерде болған. Пойыздың бес вагоны мен локомотив рельстен шығып кетті.

Телеарна мәліметтері бойынша, пойызда 200-ге жуық адам болған. Оқиға орнына жедел көмек қызметі жіберілді. Мельбурн мен Сидней арасындағы пойыздардың қозғалысы тоқтатылды.

Жергілікті БАҚ мәліметтері бойынша, көптеген құрбандар мен жараланғандар болуы мүмкін.

Оқиғаның неден болғаны белгісіз.


Соңғы жаңалықтар