Аустралия желтоқсанда шетелдік жұмысшылар мен студенттерге шекарасын ашады

None
None
КАНБЕРРА. ҚазАқпарат – Аустралия белгілі бір шетелдік топ үшін елге кіру ережесін айтарлықтай бәсеңдететінін мәлім етті. Ол топқа білікті жұмысшылар, студенттер, сондай-ақ Оңтүстік Корея мен Жапония тұрғындары кіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.

Аустралия бұл топтағы шетелдік азаматтарға 1 желтоқсаннан бастап 2020 жылдың көктемінен бері алғаш рет кіруге рұқсат береді. Әлемдегі ең қатал локдаундардың бірін енгізген ел оларға негізгі екі талап қойып отыр. Олар толықтай вакцина алуы тиіс, сондай-ақ ПТР тесті теріс нәтиже көрсету керек.

Ел үкіметі желтоқсан-қаңтар аралығында 200 мыңға жуық азамат қабылдауды жоспарлап отыр. Ішкі істер министрі Карен Эндрюс толық вакцина алған білікті мамандар, студенттер, Жапония және Оңтүстік Корея азаматтары, гуманитарлық визасы бар басқа да мемлекет тұрғындары елге кіре алатынын мәлім етті.

Аустралия вакцинациялау мақсатына қол жеткізгеннен кейін қалыпты өмірге кезең-кезеңімен оралып жатыр – 16 жастан асқан аустралиялықтардың 85%-дан астамы толық вакцина алған.


Соңғы жаңалықтар