+7 (701) 759 90 19
USD 417.02 EUR 505.51
RUB 5.59 CNY 64.52
Jańalyqtar

Аустралия ашық чемпионатын асыға күтудемін – Зарина Дияс

2021 жылғы 24 қаңтар 15:17
Бөлісіңіз:
Аустралия ашық чемпионатын асыға күтудемін – Зарина Дияс

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аустралия ашық чемпионатын асыға күтудемін. Бұл туралы қазақстандық теннисші Зарина Дияс мәлім етті, деп хабарлайдыҚазАқпарат тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегінің датасы аталды Футбол: Еуропа лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды

З.Дияс қатаң карантин жағдайында жатқан теннисшілер қатарында жоқ екендігін жеткізді.

«Кесте бойынша жаттыға аламын. Бізді бекітілген кестеге сәйкес бірнеше сағатқа кортқа жібереді. Аустралия ашық чемпионатына әзірлік жақсы өтуде. Australian Open алдында 31 қаңтар мен 6 ақпан аралығында өтетін тағы бір жарысқа

қатысамын. Әзірге қайсысы (Gippsland Trophy немесе Yarra Valley Classic) екені белгісіз. Бұл турнирге ойыншыларды жеребе, әлде рейтинг бойынша ма, қалай бөлетінін білмеймін», деді З.Дияс.

Заринаның спорттағы маңызды белесі осы Аустралия ашық чемпионатымен байланысты. 2014 жылы 20 жастағы З.Дияс үшінші айналымға дейін жетіп, оның рейтингте жоғары көтерілу жолы басталған болатын.

Ал өткен жылы Қазақстан тарихында тұңғыш рет үш бірдей теннисшіміз «Үлкен дулыға» турнирінің үшінші айналымына өтті. Биыл да қазақстандық спортшылардың барын салатыны анық. Дегенмен қатаң карантинде жатқан Юлия Путинцева мен Елена Рыбакинаға мұндай шектеу оңай тимеуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатына келген 47 теннисшінің карантинде жатқанын, Елена Рыбакинаның бәрі де қатаң екенін мәлімдегенін жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT