Australian Open: Максим Батютенко жасөспірім турнирін сәтті бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Максим Батютенко Аустралия ашық чемпионатының жасөспірімдер турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, Теміртау қаласының 16 жасар түлегі бастапқы кездесуін ұлыбританиялық, 17-дегі Мэттью Ранкинмен өткізді.

Қазақстандық теннисші бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

М.Батютенко екінші айналымда франциялық Артур Хеа немесе литвалық Эдас Бутвиластың біреуімен кездеседі.

Сондай-ақ бүгін қыздар арасында Аружан Сағындықова жарыстың 8-ракеткасы, бельгиялық Софья Костуласпен кортқа шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында Андрей Голубев аралас сында екінші айналымға, Анна Данилина ширек финалға шықты.


Соңғы жаңалықтар