Australian Open: Аружан Сағындықова үшінші айналымға шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова жұптық сында Аустралия ашық чемпионаты жасөспірімдер турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, 17 жастағы Аружан ресейлік Екатерина Хайрутдиновамен бірге екінші айналымда грекиялықтар Михаэла Лаки - Димитра Павлумен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарын 6:3, 6:3 есебімен ұтты.

Енді олардың ширек финалдағы қарсыластары чехиялықтар Луция Гавличкова-Доминика Шалкова және канададықтар Кайла Кросс-Виктория Мбоко арасынан анықталады.

Осылайша А.Сағындықова Қазақстан теннисі тарихында рекордтық нәтижеге қол жеткізді.

Бұған дейін «Үлкен дулыға» жарысының жасөспірімдер турнирінде ешкім үшінші айналымға шығып көрмеп еді.

Тағы бір қазақстандық, 16 жасар Максим Батютенко жекелей сында екінші айналымда литвалық, Уимблдон жасөспірімдер турнирінің жұптық сындағы 2021 жылғы жеңімпазы Эдас Бутвиласқа жол берді - 6:7 (5:7), 3:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан - Норвегия матчының хард төсенішінде өтетінін, Анна Данилинаның Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар