Ауруды ерте диагностикалау уақтылы ем жасауға мүмкіндік береді - уролог

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Медицина қызметкерлері күні дәстүрлі түрде маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл күні денсаулық сақтау саласының дамуына үлкен үлес қосақан жандар жайында айтамыз. Мақсат - халыққа өзі ісіне жауапты мамандарды кеңінен тыныстыру. Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының жоғары санатты дәрігер-урологы Бауыржан Сәкенов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында диагностика және хирургиялық емдеудің заманауи әдістері туралы айтты.

-Бауыржан Тілеуқабылұлы еңбек жолыңыз туралы айтып берсеңіз?

- Мен дәрігерлер отбасында дүниеге келдім. Менің анам терапевт. Яғни, бала күнімнен медицина саласында тәрбиелендім. Еңбек жолымды 2008 жылы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының резидентурасына түсіп, сол жерде бастадым. 2010 жылы «балалар хирургиясы» біліктілігін алдым. Кейін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының урология бөліміне жұмысқа орналастым. Резидентурада мен урология бойынша толық курстан өттім. Содан бері мен әртүрлі урологиялық патологиялары бар балалармен жұмыс істеп келемін.

- Медицина саласы көптеген бағыттқа бөлінетіні анық, неге урологияны таңдадыңыз?

- Балалар урологиясы - негізінен пластикалық хирургия. Сол себепті осы мамандықты таңдадым. Мұнда гипоспадия патология деген диагноз бар. Осындай патологиясы бар науқастарға ота жасау керек. Бұл жерде дәрігер ота жасап қана қоймай, бейнелі ойлау қажет. Хирургиялық араласу кезінде науқастың зәр шығару арнасын өзі құруы керек, ол туған кезде қалыптаспаған.

- Қазіргі уақытта қандай урологиялық аурулар жиі кездеседі, ол немен байланысты болуы мүмкін?

- Өкінішке орай, біздің елде урологиялық патология кең таралған. Мұның себептері әртүрлі. Мысалы, жүкті әйелдердің күйзеліске түсуіне байланысты болуы мүмкін. Жалпы урологиялық патология алғашқы үш айда қалыптасады. Сонымен қатар, жұқпалы аурулар, ЖРВИ ықпал етуі мүмкін. Қазір бұл патология жатырда анықталды, бұл бізге ерте диагноз қоюға көмектеседі. Енді, жатырдың ішінде ультрадыбыстық бүйрек патологиясы шамамен 20-21 аптаға белгіленді. Осыдан кейін жүкті әйелдер бізге хабарласып, тіркеледі. Содан кейін біз баланы жатырда байқаймыз. Туғаннан кейін оның ауырлығын анықтаймыз. Кейде бірден операция жасаймыз, кейде белгілі бір кезеңді күтеміз.

- Аталған аурудың алғашқы белгілері қандай болады?

- Ең қиыны осында. Урологиялық патологияда ауру симптомсыз жүреді. Яғни, егер бұл патология бала жатырда жатқанда анықталмаса онда, оны бүйректің ультрадыбыстық зерттеуінде немесе басқа медициналық тексерулер кезінде, пациенттер басқа шағымдармен келгенде кездейсоқ табады. Бүгінгі күні урологиялық аурулар балалардағы хирургиялық патологияның арасында жетекші орын алады. Аурудың ерте диагностикасы уақытында шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

- Емдеу тәжірбиеңізде ерекше клиникалық жағдай болды ма?

- Болды. Ол- зәр шығару жүйесінің қалыптаспауы. Медицина тілінде экстрофия дейді. Бұл кезде нәресте қуықтың алдыңғы қабырғасынсыз туады. Бізде осындай науқас болды. Біз оны туғаннан бері емдеп келеміз. Біз оған ішектен қуық жасадық. Күрделі ота болды. Операция 12 сағатқа созылды. Бұл менің тәжірибемдегі ең ұмытылмас операция болған шығар.

- Қазір ауру «жасарып» кетті деген ұғым пайда болды, ол рас па?

- Иә, дұрыс айтасыз. Біздің тәжірибемізде бұл тенденция да бар. Мысалы, бүйректегі тас. Жаңа туған нәрсенің бүйрегінде тас болған. Мұны немен байланыстыруға болады? Менің ойымша, бұл ата-ананың өмір сүру салтына байланысты. Олар не ішеді, не жейді. Өкінішке, орай урология саласында бүйректегі тас диагнозы жоғары деңгейде зерттелмеген. Кейде ересек балалардың бүйрегіндегі тастың неден пайда болғанын анықтау қиын. Қазір мұндай ауру балалар арасында жиі кездеседі. Бұл- үлкен проблема. Және бұл терең зерттеуді қажет етеді. Біздің педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы осы мәселемен айналысады. Түрлі зерттеулер жүргіземіз. Біз сондай-ақ зәр шығару жүйесінің даму ақауларын (гидронефроз, мегауретр, қос бүйректің даму ақаулары) емдейміз.

Орталықта 2001 жылдан бастап қалалық және облыстық балалар урологтарына арналған біліктілігін арттыру курстары өткізіледі.

Сұхбатыңызға рахмет!


Соңғы жаңалықтар