+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Ауқымды операция: 11 адам ұсталып, құны 2 млрд теңге болатын киік мүйіздері тәркіленді

2021 жылғы 12 сәуір 12:33
Бөлісіңіз:
Ауқымды операция: 11 адам ұсталып, құны 2 млрд теңге болатын киік мүйіздері тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның үш өңірінде бір мезетте браконьерлер мен киік мүйізін сатып алушыларды ұстау операциясы жүргізілді. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында студентті өлтірген күдіктілер ұсталды БҚО-дағы киіктерге қатысты жағдайдың себептері әлі зерттелмеген – сарапшы Киіктер ауыл шаруашылығына кедергі келтіруі мүмкін бе – маман жауабы

«Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қалалық, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстық аумақтық полиция департаменттерімен бірлесіп, киіктерге заңсыз аңшылық жасаумен және одан табыс табуымен айналысқан қылмыстық топтардың жолы кесуге бағытталған ауқымды арнаулы операция жүргізді. Атап айтқанда, 8 және 9 сәуірде үш өңірдің криминалдық полиция қызметкерлері 11 адамды ұстап, олардан мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді. Алдын ала есептеуге сәйкес, мемлекетке келген шығын сомасы шамамен 2 млрд теңгені құрайды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 33-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сараптамалардың нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген экологиялық шығын анықталатын болады.

«Қылмыстық топтың қалған қатысушыларын, сонымен қатар мүйіздерді сату арнасын анықтауға бағытталған жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», - деді Шұғыла Тұрлыбек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT