+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Ауғанстаннан келген қандастар Ақмола облысына қонастырылуда

2021 жылғы 24 қыркүйек 11:32
Бөлісіңіз:
Ауғанстаннан келген қандастар Ақмола облысына қонастырылуда

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ауғанстаннан көшіп келген 35 адамнан тұратын төрт отбасы Ақмола облысына қоныстандырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ауғанстанның оңтүстігінде мешітте жарылыс болды Ауғанстанды теңдессіз қиындықтармен жалғыз қалдырмауымыз қажет – ҚР Президенті СҚО-да қандастар мен қоныс аударушыларды қолдау орталығы ашылды

«Биыл 258 адамға квота бөлінген, біз квотаны 85 пайызға ғана игердік. Келгендер Көкшетау қаласында, Атбасар, Сандықтау және Бурабай аудандарында орналасқан. Олар барлық рәсімдерден өтіп, қандас мәртебесін алады», - деп түсіндірді Д.Ахметжанова.

Заң шеңберінде қоныс аударушыларға отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіштен (200 мың теңгеден астам) біржолғы жәрдемақы қарастырылған, сондай-ақ жыл ішінде олар ай сайын 15-тен 30 айлық есептік көрсеткішке дейін тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерді өтеуге қаражат алатын болады.

Басқарма басшысының айтуынша, отбасы мүшелері қоныстанып, жұмыс табады.

«Мысалы, Көкшетауға құрамында тоғыз адам бар отбасы келді. Олар «Новопэк» ЖШС-де жұмыс істейтін болады. Олар ҚР азаматы мәртебесін алған кезде еліміздің басқа азаматтарымен тең дәрежеде өмір сүретін болады», - деп атап өтті Д.Ахметжанова.

Ол атап өткендей, Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Ақмола облысына тұрақты тұруға 8983 қандас келді, оның құрамында 40126 азамат бар. Ағымдағы жылы өңірге барлығы 89 отбасы көшіп келді, олардың құрамында 157 адам бар. Талдау көрсеткендей, отбасылардың 47,9 пайызы Моңғолиядан, 29,5 пайызы Өзбекстаннан, 12,1 пайызы Қытайдан келген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT