+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ауғанстанда мина қойылған көлік жарылып, 7 полицей қаза тапты

2020 жылғы 9 тамыз 14:05
Бөлісіңіз:
Ауғанстанда мина қойылған көлік жарылып, 7 полицей қаза тапты

ГАЗНИ. ҚазАқпарат –Ауғанстанның орталық бөлігіндегі Газни қаласында болған жарылыстан жеті полицей қаза тауып, тағы 15 қызметкер жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат елдің TOLONews телеарнасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Угандада аса қауіпті қылмыскерлердің түрмесінен 219 тұтқын қашып кетті Үндістанда жолаушылар кемесі аударылып, бірнеше адам қаза тапты Филиппинде әскери тікұшақ апатқа ұшырап, төрт адам мерт болды

Телеарнаның хабарлауынша, оқиға 8 тамыз күні кешке болған. Қоғамдық қорғаныс күштері бөлімшесінің жанында мина қойылған көлік жарылған. Жарылыстан кейін бірден бөлімшеге шабуыл жасалған. Бірақ шабуылдаушылар көп ұзамай жойылды.

Ауғанстанның Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Тарик Ариан жарақат алғандар Кабулға тікұшақпен жеткізілгенін, олардың үшеуінің жағдайы ауыр екенін хабарлады.

Әзірге ешқандай террористік топ шабуыл жасағаны үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT