Ауғанстан аумағында Қазақстан азаматтары жоқ - СІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауғанстан аумағында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір Ауғанстан аумағында Қазақстан азаматтары жоқ. Біз білетін қазақстандықтардың барлығы осы елдің аумағынан кетіп қалған. Дипломаттар өз қызметін жалғастыруда, біз оларды эвакуациялауды жоспарламаймыз», - деп атап өтеді министрліктен.

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру тапсырған болатын.

«Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру тапсырылды. Кабулдағы Қазақстан елшілігі шағын құрамда жұмыс істеуде. Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қабылданып жатыр», - деп жазған еді ҚР Президенті Twitter-дегі парақшасында.



Соңғы жаңалықтар