Әуежай қызметкері Қызыл кітапқа енген құстарды ұшақпен шетелге жөнелткен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ кешенді ауысым бастығы М. атты азамат сирек кездесетін және жойылу қаупі бар құстарды Біріккен Араб Әмірліктеріне беріп жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Контрабандалық жолмен алып өткен құстардың арасында 32 сұңқар болған. Соның ішінде 25-і - сұңқар балапаны, біреуі - ителгі-лашын және алтауы - будандастырылған сұңқар.

Сотта анықталғандай, сотталушы кеден бақылауы арқылы құстар салынған сөмкені алып өтіп, жүк тасушыға «Астана-Шардж» халықаралық рейсінің ұшақ бортына жүкті салуды тапсырған.

№2 Есіл аудандық сотының үкімімен азамат М. қылмыстық жолмен иеленген мүлкі тәркіленіп, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.


Соңғы жаңалықтар