Аудит жүргізуге құқығы жоқ бухгалтер мекеме қызметкерлерін алдаған

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аудит жүргізуге құқығы жоқ жеке бухгалтер Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын қызметкерлерінен ақша талап етті. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Агенттіктің Қостанай облысы бойынша департаменті бюджет ақшасын ұрлаумен байланысты қылмыстық іс бойынша жеке аудиторлық компанияны тартты. Аталған компания өз кезегінде аудитордың ассистенті ретінде кәсіби бухгалтерді жалдаған. Тексеру барысында Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға қатысты қылмыстық іс аясында ол мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінен жалпы сомасы 3 млн 80 мың теңге ақша қаражатын алдау жолымен алған. Шын мәнінде, ол мұндай өкілеттіктерге ие болмады, өйткені ол аудитор емес және бұл оның міндетіне кірмеді. Есепші 500 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатты алу кезінде ұсталды», - делінген хабарамада.

Іс сотқа берілді.


Соңғы жаңалықтар