Аудан әкімінің орынбасары Алматы әуежайы маңында үй салуға рұқсат берді деп айыпталуда
Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасарына қатысты лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
«Ол 2017 жылы Талғар ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметін атқара отырып, Талғар ауданының Панфилов ауылдық округінде Алматы қаласының халықаралық әуежайына жақын орналасқан 16 жер учаскесінің құрылыс сызбасына заңсыз келісім берген. Сол келісім жалпы ауданы 0,96 га болатын жер учаскесін азаматтардың жеке меншік құқығын тіркеу және сәйкестендіру құжаттарын заңсыз дайындауға негіз болған деген күдік бар» делінген хабарламада
Күдікті ҚР ҚПК 128-бабы тәртібімен ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жалғасуда.
Қ ПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәліметтер жарияланбайды.
Әкім орынбасарына қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады