Ауа райына байланысты Өскемен мен Семейде сабақ тоқтатылды

None
None
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының екі қаласында мектептердегі сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Білім басқармасының ақпараты бойынша 21 желтоқсанда Семейде күшті жел соғуына байланысты бірінші ауысымдағы 1-11 сыныптарға сабақ болмайды.

Сондай-ақ Өскеменде желдің жылдамдығы 15 м/с жетті. Қаладағы 1-2 ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды», -деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар