Ауа райына байланысты қандай автожолдар жабық тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты жалпы ұзындығы 839 шақырым 4 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» жолының 16-235 шақырымындағы Нұр-Сұлтан-Шідерті аралығында көлік қозғалысына шектеу бар.

Бұдан бөлек, ШҚО аумағында «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» жолының 105-123 шақырымындағы Шемонаиха-Ресей шекарасы учаскесінде жол жабық.

Сонымен қатар, «Қалқаман-Баянауыл-Керней-Ботақара» жолының 0-324 шақырымындағы Қалқаман мен Ботақара аралығында көліктердің жолға шығуына уақытша тыйым салынды.

Мұнымен қоса, «Ленинский-Ертіс-Русская поляна» жолының 0-278 шақырымындағы Ленинский-РФ шекарасы аралығында да қозғалысқа шектеу қойылған.


Соңғы жаңалықтар