Ауа райына байланысты 4 өңірде трассалар жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 өңірдің автотрассаларында көлік қозғалысына тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметіне сәйкес, у ақытша шектеулер барлығы 14 жол учаскесінде енгізілді. Бұл, еліміздегі республикалық автожолдардың 6,5 пайызын құрайды. Өңірлерде жалпы 734 техника жұмыс жасауда.

Көлік қозғалысы үшін келесі автожолдар жабық:

«Екатеринбург-Алматы» автожолының 856-917 км, (СҚО – Жақсы)

«Алматы-Өскемен» автожолының 971-1068 км, (Қалбатау – Қасым-Қайсенов)

«Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» автожолының 447-941 км, (Малкелді – Бұғаз)

«Өскемен - Семей» автожолының 10-198 км, (Герасимовка- Семей)

«Өскемен - Шемонаиха- РФ» автожолының 15-123 км, (Глубокое- РФ)

«Өскемен -Риддер- РФ» автожолының 15-105 км, (Белоусовка- Риддер)

«Екатеринбург-Алматы» автожолының 835-856 км, (Чистополье- Ақмола обл)

«Тимирязев –Сарыкөл -Қостанай обл» автожолының 0-31 км, (Тимирязев - Қостанай обл)

«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 108-232 км, (Әулиекөл -Ақмола обл)

«Жезқазған-Петропавл» автожолының 340-377 км, (Арқалык-Ақмола обл)

«Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-569 км, (Қостанай обл. – Знаменка)

«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолы 232-260 км (Қостанай обл- Сұрған)

«Щучинск-Зеренді» автожолы 0-80 км, (Щучинск– Зеренді)

«Көкшетау-Атбасар» автожолы 107-184 км, (Балкашино - Атбасар)

«Барлық сұрақтарыңыз бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуларыңызға болады. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты ұстану қажеттігі туралы ескертеді. Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді», - деді компаниядан.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялаған болатын.




Соңғы жаңалықтар