Ауа райы: Жексенбі еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жексенбі еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

18 тамызда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысы және оңтүстік шығысының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай болады, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғып, түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде тұман түсуі ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, жел 18 м/с күшейеді.

Түркістан, Алматы, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысының кей жерлеріңде шаңды дауыл соғады. Қарағанды облысының кей жерлерінде күндіз найзағай жарқылдайды.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде күндіз қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола облыстарының оңтүстік аймақтарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар