Ауа райы: Солтүстік және шығыс өңірлерге қатты аяз келе жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер 7-9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлеріне аяз келеді.

«Атлант аймағынан суық антициклон келе жатыр, ол елдегі жылы Оңтүстік циклонын алмастырады. Суық ауа массалары жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының күрт төмендеуіне әкеледі.

7-8 желтоқсанда түнде еліміздің солтүстігі мен шығысында термометр бағаны 22-30 аязды көрсетеді. Ал республиканың оңтүстік өңірлері болса, Иран аудандарынан келетін жылы ауа массаларының қорғауында қалады. Мұнда айтарлықтай күн суытпайды», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар