Ауа райы: Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК-сы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 21 қаңтарда Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с болады.

Петропавлда 21 қаңтар күні оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Осыған байланысты СҚО Төтенше жағдайлар департаменті халықтың қалыпты тіршілік әрекетін қамтамасыз ету және төтенше жағдайдың алдын-алу үшін шара қабылдауды ұсынады.

Атап айтқанда:

  • Ұдайы жылы жерде болғуға тырысыңыз;
  • Балаларды ерекше бақылауға алыңыз;
  • Елді мекендерге бармаңыз;
  • Автокөлікпен алыс сапарға шықпағыз;
  • Осы ақпаратты көршілеріңізге жеткізіп, аурулар мен кәрілерге көмек көрсетіңіз;

«Сіздердің назарларыңызға бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметтің 112 телефоны тәулік бойы жұмыс істейтінін саламыз. Ол арқылы төтенше жағдай мен оқиғаның қаупі туындаған жағдайда хабарласуға болады»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар