Ауа райы: Қостанайда екінші ауысымдағы сабақ қысқартылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласында мектептердегі екінші ауысымның сабақтары қысқартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

«Желдің, боранның күшеюіне байланысты білім беру ұйымдарының басшыларына сабақты қысқарту ұсынылады», - делінген Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі таратқан хабарламада.

«Қазгидрометтің» облыстық филиалы таяу күндері облыс тұрғындарына алыс жолдан бас тартуды ұсынады.

«18 ақпан күні түс күн аздап жылынғанымен, боран тоқтамайды. Облыс тұрғындарына алыс жолға шықпауға кеңес береміз», - деді «Қазгидрометтің» ауа райын болжау орталығының басшысы Ирина Желяева.


Соңғы жаңалықтар