Ауа райы: Қостанай облысында барлық бағыттағы жолдар жабылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында республикалық бағыттағы жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақавтожол» АҚ Қостанай филиалының ақпаратына сәйкес, бүгін сағат 17.00-ден бастап жолдар жабылды. Басты себеп – автожолдардың нашар көрінуі, көктайғақтың түсуі.

«Республикалық маңызы бар «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» – Р36 тас жолы автокөліктің барлық түрлері үшін жабық. Қостанай облысы мен Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралықта жол қозғалысы шектелді. «Екатеринбург-Алматы» автожолының 555-729 шақырымы жабылды. Бұл РФ шекарасына дейінгі аралықты қамтиды», - деп хабарлады орталық өкілдері.

Соңғы жаңалықтар