Ауа райы: Қазгидромет 10 облыста ескерту жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ертең, қаңтардың 25-і күні, Қазақстанның басым бөлігінде күн суытып, көктайғақ болып, тұман түсіп, аяз күшіне мінеді, деп хабарлайды Қазгидромет.
25 қаңтарда Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.
25 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Актобе қаласында тұман болады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қаласында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады.
25-28 қаңтарда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі. 27-28 қаңтарда кей жерлерде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ға жетеді. Тараз қаласында 25-28 қаңтарда кей уақытта тұман болады.
25 қаңтарда Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с болады.
25 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Түнде 25 қантарда кей жерлерінде 35 градус қатты аяз болады.
25 қаңтарда Түркістан облысында кей жерлерінде тұман болады.
25 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман болады.
25 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-ға жетеді жетеді.
Түнде 25 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында 28-33, кей жерлерде 40 градус аяз күтіледі. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман болады.
- СҚО-да республикалық маңызы бар автожолдар жабылды
- Алматыда тау бөктерінде 35 см қар түсті
- Қазақстанның 7 облысында көлік қозғалысы шектелді
- Нұр-Сұлтанда мектеп оқушылары мен колледж студенттері ауа райына байланысты қашықтан оқиды
-
5 наурыз күнгі ауа райы болжамы
-
Оралда балалар мінген 2 мектеп автобусы қар құрсауында қалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам