Ауа райы: Қазақстанның бес өңірінде жарияланған ескерту ұзартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. Осылайша, 5-6 сәуірде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы өзендерде ауа температурасының жоғарылауына байланысты қар еріп, өзендерде судың деңгейі көтеріледі. 

5-6 сәуірде Павлодар облысында ауа температурасының жоғарылауы пен қардың еруіне, сондай-ақ Шүлбі су қоймасындағы жиналған судың артуына байланысты өзендерде су деңгейі көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін.

Дәл осындай жағдай 5-6 сәуірде Қарағанды, Шығыс Қазақстан, 4-6 сәуірде Қостанай облыстарында байқалып отыр.

Кеше Қазақстанның бес облысында (3-4 сәуірге) ескерту жарияланғаны хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар