Ауа райы бұзылғанда жұмыстан қалуға бола ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазИнформ - Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығы Бауыржан Сыздықов ауа райы бұзылған кезде жұмыстан қалуға болмайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгіннен бастап төтенше жағдай режимі жарияланғанын ұмытпауымыз керек. «Қазгидромет» дауылды жағдай туралы ескерту жариялаған жағдайда жарты күн жұмыстан қалуға болады және басшылыққа көрсету үшін аталған мекемеден анықтама алу керек. Бірақ ТЖ режимі кезінде азамат өз еркімен бір күн толығымен жұмыстан қала алмайды, ол үшін төтенше жағдайды жою басшысының шешімі болуы керек», - дейді Бауыржан Сыздықов.

Әкімдік берген мәлімет бойынша, қар кептелісі және боранмен күресуге 133 техника жұмылдырылған. Астаналық құтқарушылар Ақмола облысының шекаралас елді мекендерінің тұрғындарына көмек көрсету үшін 32 рет барып, 426 адамға көмектескен.

Оның ішінде 5 жүкті әйел мен 36 бала құтқарылды.


Соңғы жаңалықтар