Ауа райы: Атырау облысында ескерту жарияланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ертең, 18 наурызда Атырауда қатты жел болатыны күтіліп отыр.

«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, 17 наурыз күнгі сағат 20:00-ден 18 наурыз күнгі сағат 20:00-ге дейін Атырау облысының аумағында қатты жел күтілуде.

18 наурызда Атырау облысының кей жерінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 17-22 метр болатыны күтілуде.

Атырау қаласында 18 наурызда оңтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр күшті жел соғады.


Соңғы жаңалықтар