Ауа райы: Алдағы үш күн елімізде жаңбыр жауады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер 6-8 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

«Барлық жерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Батыста және солтүстік-батыста қатты нөсер жауады. Дауыл соғып, бұршақ жаууы да ықтимал. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында ауа райы ашық болады. Ал Қазақстанның солтүстігі мен орталығында алдағы бір күн ғана жауын-шашынсыз болады. Еліміздің кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады», делінген болжамда.


Соңғы жаңалықтар