Атыраулықтар Түркістан музейінің 40 бірегей жәдігерін тамашалайды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулықтар Түркістандағы музейдің 40 бірегей жәдігерін тамашалайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Тұңғыш Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Отырар тұлғалар мен мұралар ордасы» көшпелі көрмесі өз жұмысын бастады.

Көрмеге Түркістандағы «Руханият - Әбу Насыр әл-Фараби» музейіндегі 40 бірегей жәдігер қойылды. Олардың арасында «Арыстанбаб» кітапханасындағы кітаптар, әл-Фарабидің трактаттары, Отырардан табылған артефактілер: музыкалық аспаптар, ыдыс-аяқтар, XII-XIII ғасырдағы тиындар», - деді Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Рашида Харипова.

null

Автор: А. Соколов

Соңғы жаңалықтар