Атыраулықтан 3 мыңнан астам синтетикалық есірткі дозасы тәркіленді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 24 жастағы жігіттен 3 мыңнан астам доза синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 наурызда Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Атырау қаласындағы Гайдар көшесінде 24 жастағы жігітті ұстаған.

«Оның пәтерін тінту кезінде жалпы салмағы 1 келі синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Ұсталған күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалды», - деді облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық 60 доза есірткіні қаланың үш жеріне жасырып қойғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар