Атыраулық шебер Илона Ким шайырдан түрлі бұйым жасайды
Қолөнерге аңсары ауып, кәдімгі шайырды кәдеге асырған Илона Ким екі мамандықты меңгерген. Бірі – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, екіншісі – туризм менеджері. Шетелдік компанияда 12 жыл жұмыс істеген.
Қазір шайырдан үйде пайдаланатын сəндік бұйымдар, сувенирлер, сағат пен картиналар жасайды. Тіпті тәтті конфеттер салуға арналған ыдысты да жасап шығарған. Ал, жаңа жыл қарсаңында шыршаға ілетін түрлі ойыншықтар дайындады.
Оған Нұр-Сұлтан мен Алматыдан, Көкшетау мен Қостанайдан тапсырыстар түскен. Мәселен, Көкшетау қаласынан үш аптада 70 ойыншықты жасауға тапсырыс болған. Бұл тапсырысты келісілген мерзімде дайындап берген.
Еске сала кетелік, бұған дейін атыраулық ғалымның шұбат пен қызылшадан жасалған «Софмая» деген сусыны барын жазған болатынбыз.