Атыраулық оқушылар белгілі тұлғалардың ескерткішін насихаттауды бастады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары облыс орталығында белгілі тұлғаларға қойылған ескерткіштерді насихаттауға арналған акцияны бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мектеп оқушылары аймақтағы ескерткіштер туралы деректерді жинақтап, танымдық видеороликтер циклін әзірлеу үстінде. Олар насихаттық шараны Атырау қаласында қазақтың аяулы ақын қызы, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың ескерткішінен бастады.

«Оқушылар фото-видеоролик арқылы Фариза ақынның ескерткіші туралы деректерді ұсынады. Мұнда мүсіннің архитектуралық және композициялық кескіні жөнінде, оның авторлары мен монументтің мазмұны туралы мағлұматтарды ұсынады. Видеороликтер мектептің ресми сайтына, әлеуметтік желілердегі парақшаларға жүктеледі. Осылайша атыраулық оқушылар өз замандастарына ескерткіштерді танытудың жаңа форматын ұсынғалы отыр», - деп хабарлады мектептің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін атыраулық 5 оқушы халықаралық бизнес-грантқа ие болғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар