Атыраулық нысана көздеуші әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық нысана көздеуші әлем кубогінің күміс жүлдегеріатанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметінен мәлім

еткендей, 10-17 маусымда Перудің Лимада қаласында паранысана көздеуден әлем

кубогі өтті.

«Әлем кубогінде Токио параолимпиадасының жолдамасы сарапқа салынды. Бұл додада

Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Биғайша Махаева бақ сынады. Атыраулық нысана көздеуші аталған сайыста күміс жүлдеге ие болды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін атыраулық бапкер әлем чемпионатында жүлдегер атанған

еді.


Соңғы жаңалықтар