+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Атыраулық кәсіпорын төтенше жағдайға 10 млн теңге бөлді

2020 жылғы 23 наурыз 19:30
Бөлісіңіз:

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында «НефтеСтройСервис» ЖШС төтенше жағдай кезінде тұрғындарды дәрі-дәрмекпен, азық-түлік түрлерімен қамтамасыз етуге 10 миллион теңге бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында 21 жастағы тұрғынның коронавирусты қайдан жұқтырғаны анықталды Шымкентте коронавируспен тіркелгендер жайлы соңғы ақпарат жарияланды Қарағандыда Ассамблея өкілдері көмекке зәру жандарға қол ұшын созды

Бұл туралы серіктестік директоры Бекет Оспанов мәлім етті.

Оның айтуынша, серіктестік басшылығы Елбасы Үндеуін қолдап, халықтың денсаулығынсақтау үшін дәрі-дәрмектер мен азық-түліктер сатып алуға қаржылай көмек беруді көздеген. Себебі, бүгінгідей күрделі кезеңде мемлекетке, елге қолдау көрсетілуі тиіс.

«Біз «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарсақ» ғана бұл сынақтан аман-есен өте аламыз. Қазір халыққа ең қажеттісі – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен дәрі-дәрмек. Осыған орай, біз кәсіпорын есебінен 10 миллион теңге бөліп отырмыз. Өйткені, елдің елдігі де, бірлігі де осындай кезде танылады» - дейді «НефтеСтройСервис» ЖШС директоры Бекет Оспанов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жолдасбек Көшербайұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT