Атыраулық балуан әлем кубогінің иегері атанды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық балуан әлем кубогында қарсыластарын ұтып, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Румынияның Констанца қаласында қазақ күресінен әлем кубогі өткен.

«Әлем кубогі үшін додада балуан Наурызбек Майлашев 74 келі салмақта бақ сынады. Ол алдымен Молдова және Румыния спортшыларын ұтты. Жартылай финалда қазақстандық балуаннан басым түсті. Ал, ақтық сында Румыния балуанын қапы қалдырып, әлем кубогінің иегері атанды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Наурызбек Майлашев әлем кубогіндегі жеңісі арқылы «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» нормасын орындады.

Еске сала кетелік, бұған дейін атыраулық дзюдошы Еуропа кубогында жеңімпаз атанғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар