Атырауға «Спутник V» вакцинасы II компонентінің 7650 дозасы жеткізілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Атырауға «Спутник V» вакцинасы II компонентінің 7 650 дозасы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, вакцина дозаларын егу бекеттеріне бөлу және тасымалдау басталған.

«Бүгін, 18 мамырда өңірге Ақтөбедегі фармацевтикалық хабынан «Спутник V» вакцинасының ІІ компонентіне арналған 7 650 дозасы жеткізілді. Вакцина дозаларын егу бекеттеріне бөлу және тасымалдау жүргізілуде. Қазір өңірде 41 екпе бекеті жұмыс істейді. Оның екеуі Теңіз кен орнында, ХҚКО-да, «Тамаша», «Көктем», «Атырау», «Байзар», «Дина» сауда орталықтарының әрқайсысында бір-бірден екпе бекеті ашылды. Бұдан басқа, қалалық, аудандық емханалар жанында 23, сондай-ақ, 10 жылжымалы бекетте тұрғындарға вакцина салынады» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында вакцина салдырғандар саны 44 мыңнан асқан еді.


Соңғы жаңалықтар